
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжілісте аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған Шаменов Алияр Әліпбайұлы таныстырылды. – Аудан аумағында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебін нақты әрі жүйелі жүргізу, әскерге шақыру науқандарын сапалы ұйымдастыру – аса маңызды міндеттердің бірі. Қорғаныс саласындағы жұмыстардың тиімділігі мен тәртібін күшейтіп, белгіленген жоспарлар мен көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ жұмылдыру дайындығын жетілдіріп, азаматтардың әскери қызметке дайындығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу маңызды. Алияр Әліпбайұлы өз тәжірибесі мен біліктілігін пайдалана отырып, бұл саладағы жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырады деп сенемін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Алияр Әліпбайұлы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру бөлімшесінің бастығы, Қызылорада облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде әскерден тыс бөлімінің бастығы, Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмылдыру бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2024 жылдан бастап бүгінге дейін Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыру басқармасының жұмылдыру ресурстарын тағайындау бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.