Аудан әкімі құрметті аналарды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі құрметті аналарды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қадірлі аналардың үйіне барып, мерекемен құттықтады. Ерекше құрметке ие болған аналардың қатарында тыл ардагері Қалмағанбетова Қатша, мәдениет саласының ардагері Қамбарова Күлайша, денсаулық сақтау саласының ардагері Пришова Дариха және
білім саласы ардагері Майханова Гүлсім бар.
Аудан басшысы аналарымыздың адал еңбегі мен ел игілігі жолындағы жасампаз істерін айрықша атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Сондай-ақ, аналардың ақыл-кеңесі мен тәрбиесі қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың негізі екенін айтып, мерекелік лебізін білдірді.
Ардагер аналар аудан әкімінің ыстық ықыласына ризашылықтарын білдіріп, елге амандық пен тыныштық тілеп, ақ баталарын берді. Еңбек ардагерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты», гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар табысталды.