
Аудан орталығында және ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары барысында көшелер мен тротуарлар, қоғамдық орындар тазартылып, ағаштар кесілді.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев сенбілік барысындағы жұмыстарды бақылап, тазалыққа жауапты мекемелерге қоқысты уақытылы шығару, көшелердің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.