Аудан әкімінің 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің  1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестіктің, өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болатын мереке.
Ырысты ынтымақ пен берекелі тіршілік салтанат құрған Сыр елінде осы күні жұртшылықтың бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылық білдіруі дәстүрге айналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеу береке-бірлігімізді бекемдей түсетінін, мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екенін атап өтті.
Елдік мүддені бәрінен биік қойып, жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді сақтауға, өскелең ұрпақ бойына сіңіруге бағытталған елеулі еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын.
Сондай-ақ, бірнеше күннен бері ауа райының қолайсыздығынан ауданда орын алған жағдайға сабырлық танытқандарыңыз үшін және коммуналдық салада күндіз-түні еңбек етіп жүрген жандарға алғысым шексіз.
Әр отбасыға бақ-береке, игілік тілеймін! Еліміз аман, ырыс-несібелеріңіз мол болсын!