Электр желілеріндегі ақаулар қалпына келтірілуде

Электр желілеріндегі ақаулар қалпына келтірілуде

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен, облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртай ауданға жұмыс сапарымен келді.
Облыс әкімінің орынбасары аудан әкімімен бірге ауа райының қолайсыздығынан туындаған электр желілеріндегі ақауларды қалпына келтіру жұмыстарының барысын талқылап, жедел әрекет ету бригадасымен “Тереңөзек электр торабы” мекемесінде апат салдарын жою бағытындағы атқарылып жатқан шараларды көріп, тапсырмалар жүктеді.
Қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, электр энергиясы кезең-кезеңімен берілуде.