Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Құрметті аудан тұрғындары!
2026 жылғы 25 ақпан күнгі ауа райының күрт өзгеріп, қар аралас жаңбыр жауып, желдің күшеюінен ауданға келетін 35/10 кВ жоғары кернеулі әуе желілерінде ақау орын алып, салдарынан ауданға қарасты кент және 8 елді мекенде жарық өшкен болатын. Мұндай жағдай бұрындары болмаған.
Қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына қарамастан, «Тереңөзек электр торабы» мекемесінен 7 бригада арнайы техникалармен жедел қалпына келтіруге күш салуда. Сонымен қатар, аудандағы мекеме қызметкерлерінің күшімен сынған, құлаған талдарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Жарық кезең-кезеңімен берілетін болады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуларыңызды сұраймыз!
Жалған ақпараттарға емес, тек ресми мәліметтерге сенуге шақырамыз.