Жаңа конституция жобасы – елдегі саяси жаңғырулардың заңды жалғасы

Жаңа конституция жобасы – елдегі саяси жаңғырулардың заңды жалғасы

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық коалиция мүшесі Мұрат Ергешбаев және аумақтық коалиция мүшелері Сырдария аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкрелерімен кездесу өткізді. Кездесуге аумақтық коалиция жетекшісі Ержан Әжікенов, коалиция мүшелері Жұмабек Ембергенов, Ақтөре Ибрагимұлы қатысты.
Кездесу барысында республикалық коалиция мүшесі Мұрат Нәлқожаұлы конституциялық реформалардың стратегиялық маңызына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуының жаңа кезеңіне негіз болатынын атап өтті.
«Жаңа Конституция жобасы – елдегі саяси жаңғырулардың заңды әрі кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқан реформалардың жалғасы. Бұл құжат мемлекеттілікті нығайтып қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтеді, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді араласуына жол ашады. Негізгі құндылық – адам және оның құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан Ата Заң халықтың мүддесіне қызмет ететін, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты әрі тиімді тетіктерді қамтуы тиіс.
Сонымен қатар, Конституциялық өзгерістер заң үстемдігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, қоғамдағы сенім мәдениетін орнықтыруға негіз болады. Бұл бастамалар ел бірлігін бекемдеп, әлеуметтік тұрақтылық пен орнықты дамуға бағытталған. Біздің басты міндетіміз – осы өзгерістердің мәні мен маңызын өңір тұрғындарына жан-жақты түсіндіріп, олардың пікірін ескеру арқылы қоғамдық диалогты күшейту», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Қызметкерлер өз сөздерінде конституциялық өзгерістерді қолдайтындықтарын жеткізіп, аталған бастамалардың әділетті әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға негіз болатынын атап өтті.