Конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндірді

Конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндірді

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және “АМАНАТ” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлымен бірге "Тереңөзек" электр торабы мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, Конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндірді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын атап өтті. Жаңа Конституция жобасы тікелей эфирде талқылауы қоғамдық диалогтің жоғары деңгейін танытты. Сондықтан бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай келетін маңызды құжат ретінде қарастырылуда және шынайы халықтық сипатын көрсетеді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудан басшысы электр тарату торабы мекемесін аралап, қызмет сапасына назар аударды. Бүгінде аудандық электр торабында 66 қызметкер жұмыс істейді. Олар тәулік бойы аудан тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, апаттық жағдайлардың алдын алу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын үйлестірумен айналысуда.
Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі әрі сапалы түрде жалғастыру қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.