Аудан әкімі қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жағдайымен танысты

Аудан әкімі қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жағдайымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Сырдария өзенінің бойындағы қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жағдайымен танысты.
Аудан бойынша Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайды. Бүгінгі күнде дариямен Тереңөзек кенті тұсынан 107 текше метр өтсе, «Қараөзек» каналына 41 текше метр су жіберілуде.
Су тасқынының алдын - алу мақсатында ауданда материалдық - техникалық қор жасақталған, атап айтқанда 5000 дана қап, 500 дана қамыс баулары, 500 пашын және 400 дана қада жинақталған. Қосымша жанар - жағар май, азық – түлік және көлік қызметтері бойынша жергілікті кәсіпкерлермен келісім - шарттар жасалған.
Аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріп, күнделікті қатаң бақылауда ұстап отыруды тапсырды.