Аудандық қазынашылық басқармасының басшысы таныстырылды

Аудандық қазынашылық басқармасының басшысы таныстырылды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан активіне аудандық қазынашылық басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған Мырза Қанат Әзімханұлын таныстырды.

Қанат Әзімханұлы 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қалалық есеп кассалық орталығының бухгартерлік есеп бөлімінің есепшісі, аға есепшісі болып бастаған. Әр жылдары Ұлттық банктің облыстық филиалында мемлекетаралық қатынастар бөлімінің аға есепшісі, облыстық бюджет банк-төлемдерді бақылау және реттеу бөлімінің аға экономисі, облыстық қазынашылық басқармасында сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары және Жаңақорған аудандық қазынашылық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2025 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Қазынашылық комитеті қызметті ұйымдастыру басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Аудан басшысы жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, бюджеттің түсімдері мен шығыстарын уақытылы және толық атқару, қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бақылау жасау жұмыстарын қамтамасыз етуге сенім білдірді.