
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды.
Мәжіліс барысында аудан әкімі ауданда цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Бүгінгі таңда ауданда барлық елді мекен интернет желісімен және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.
Цифрлық кеңселер форматы бойынша 2025 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық филиалы халыққа қызмет көрсетудің цифрлық кеңселері форматына көшірілді. Заманауи талаптарға сай фронт кеңсе арқылы мемлекеттік қызметтердің 1359 түрі көрсетілуде.
2025 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек» бағдарламалары арқылы аудан тұрғындарының өтініші негізінде 3000-ға жуық қызмет көрсетілсе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру жұмыстарына «Кезекте.кз» интернет порталы арқылы 26 азаматқа қызмет көрсетілді.
Мәжілісте аудан әкімі барлық бөлімдер мен мекемелерге қызмет сапасын арттыру мен ашықтықты қамтамасыз етуде цифрлық жүйелерді жетілдіруді тапсырды.