Аудан әкімі бірқатар нысанды аралады

Аудан әкімі бірқатар нысанды аралады

Бүгін аудан әкімі Талғат Дүйсебаев Тереңөзек кентіндегі бірқатар сауда және кәсіпкерлік нысандарды аралады. Оның ішінде, дәріханаларға барып, дәрі-дәрмек қорына қатысты мамандармен пікірлесті.
Жалпы, аудан бойынша 13 дәріхана бар. Оның 5-і аудан орталығында орналасқан. Қазіргі таңда дәріханаларға қажетті дәрілер уақытылы жеткізіліп, баға тұрақтылығы бақылауға алынған. Аудан әкімі қандай жағдай болса да дәріханаларда дәрі-дәрмек қорының болуы қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, сақтық шараларына аса мән беріп, барлық талаптарды сақтау қажеттілігін ескертті.
Одан кейін сауда нысандарын аралап, кәсіпкерлермен сөйлесті. Аудан басшысы кәсіп иелеріне қазір мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер жасалып жатқанын айтты. Мемлекеттік бағдарламалар тиімділігін пайдаланып, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту керектігін жеткізді. Кәсіпкерлердің қандай мәселелері бар екенін тыңдап, кәсіпті әртараптандыру бағытында жұмыс жасауға шақырды. Осы мақсатта тиісті бөлім басшысына тапсырма берді.