Аудан көлемінде "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Аудан көлемінде "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

2020 жылдың қазан айының 16-21 күндері аудан көлемінде Қызылорда облысының Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның мақсаты – аудан көлемінде заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу және олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау. Сондай-ақ, бұл профилактикалық іс-шара атыс қаруымен, оның ішінде тіркелмеген атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған.
Іс-шара барысында бүгінгі күнге ауданның тәртіп сақшыларымен 2 дана тіркеуде жоқ аңшы қаруы алынып, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бап «Заңсыз қару сақтау, тасымалдау» бойынша құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылған.