Облыс орталығында Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Сырдариялықтар қала жұртшылығына жылдағы дәстүрге сай өнімдерін арзан бағада ұсынуда.Жәрмеңкеге ауданнан 42 көлікпен 100тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді.