Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету-басты міндет

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету-басты міндет

аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесіне байланысты іс-шара өтті. Оған аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудан прокуроры А.Алимбаев, бөлім басшылары мен құқық қорғау қызметкерлері қатысты.
– Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамда қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз ететін негізгі құқықтық принципі. Заң үстемдігіне негізделген тәртіп бойынша қоғамдағы барлық әрекет пен шешім заңға сүйеніп жүзеге асырылады» деп атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алуда белгіленген нормаларды, заңдылықты орындау міндетті. Қоғамда заң талаптарын сақтау арқылы ғана тыныштық пен тәртіп орнайтыны белгілі. Бүгінде елімізде заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген. Мұндағы мақсат – құқық бұзушылық профилактикасы мен халыққа қызмет етуге екпін бере отырып, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің сервистік моделінің тиімділігін арттыру болып саналады. Аталған іс-қимыл жоспары негізінде «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама құқық бұзушылықтың азаюына, жастар тәрбиесі мен қоғамдық тұрақтылықтың нығаюына оң әсерін тигізуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аудандағы мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тынымсыз қызмет атқарып келеді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
«Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы бойынша аудан прокуроры Абай Алимбаев сөз сөйлеп, облыстық прокуратурамен қылмыстың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде, ауданда алкогольден бас тартқан елді мекендерде қылмыс саны азайғанын жеткізді. Осыған орай, бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері "Алғыс хатпен" марапатталды.
Іс-шара қорытындысында аудан әкімі мемлекетіміздің заңдарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту баршамызға ортақ міндет екеніне тоқталып, бұл бағытта жергілікті атқарушы билік, құқық қорғау органдары және қоғам бірлесе жұмыс атқаруы қажеттігін жеткізді.