
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізді.
Сауда орталығында аудан басшысы халық күнделікті тұтынатын нан, сүт, ұн, көкөніс, қант, картоп, сәбіз секілді өнімдердің қоры мен бағасын бақылап шықты.
– Баға тұрақтылығы сақталуы қажет. Азық-түлік бағасын негізсіз өсіруге болмайды. Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын тиісті бөліммен мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондықтан халық тұтынатын тауарлар сапалы және қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар 1 айлық қор жасақталуы керек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді. Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауы тиіс.
Аудан әкімі сауда орындарында бағаны негізсіз өсірмеу үшін салалық орынбасар мен сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.