Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе – облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен аудан аумағында жүргізілген қарсы насихаттық іс-шаралардың тиімділігі туралы болса, екінші мәселе – аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша баяндама жасалды. Күн тәртібінде аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның және комиссия жанындағы жұмысшы тобымен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар бойынша да есеп тыңдалды.
Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.