
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Іңкәрдария және Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кезекті есепті кездесулерін өткізді. Жиындарға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, бөлім мен мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы облыс және ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен мәлімет берді. Аудан әкімі өз сөзінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық жобалардың қарқынды жүзеге асып жатқанын атап өтті. Ауылдық округтерде жол жөндеу, ауыз су, жарықтандыру, абаттандыру бағыттары бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Биыл Іңкәрдария ауылына “Үлгілі елді мекен” байқауында 15 млн. теңге сертификат берілсе, жақын күндері Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары басталды.
Кездесулерде тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, инфрақұрылым, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарын жолдады. Аудан басшысы әрбір ұсыныс назарсыз қалмайтынын, көтерілген мәселелер жүйелі түрде бақылауға алынатынын айтты.