Макроэкономикалық көрсеткіштер мен баға тұрақтылығы басты назарда болуы тиіс

Макроэкономикалық көрсеткіштер мен баға тұрақтылығы басты назарда болуы тиіс

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі, баға тұрақтылығы мәселелері қаралды.
Аудан әкімі 10 айлық қорытынды бойынша ауданда макроэкономикалық көрсеткіштер толық орындалғанын атап өтіп, жыл қорытындысымен межеленген жоспар орындалу керектігін жеткізді. Осы бағытта ауданның барлық мүмкіндігін қарастырып, жылды жоғары нәтижемен қорытындылау керектігін ескертті.
Жылу маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды. Аудан басшысы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау керектігіне тоқталып, төтенше жағдайлар бөліміне жылу беру маусымындағы оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарын шұғыл жүргізуді тапсырды. Кент және ауыл әкімдерімен бірлесіп, халықпен кездесулер, брифингтер ұйымдастыру, шалғай елді мекендердегі өрт сөндіру пункттерін талапқа сәйкестендіру, қажетті құрылғылармен жабдықтауды міндеттеп, барлық талап сақталу керектігін атады.
Мұнан соң Берік Әбдіғаппарұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесіне де тоқталып, тиісті сала басшыларына күнделікті қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.