
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі тапсырмасының 8-тармағына сəйкес, 2025 жылғы 31 қазанда Сырдария ауданының әкімдігі мен прокуратураның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында «Халық заңгері» республикалық əлеуметтік акциясы бір мезетте өткізілді. Акцияға Сырдариялықтар да белсене атсалысты.
Тереңөзек кентінде орналасқан «Руханият орталығында» өткен акцияда Сырдария ауданының прокуроры Абай Мұхтарұлы, аудан әкімінің орынбасары Роллан Манарбекұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы және де заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, акция аясында 100-ге жуық азаматқа заң тұрғысынан көмектер көрсетілді.
Аталған акция жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Жалпыреспубликалық акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары, мемлекеттік билік органдарының ұйымдастыруымен өткізілді.