Даулы мәселе шешілді

Даулы мәселе шешілді

Биылғы егін жинау науқанында Сырдария ауданына қарасты А.Тоқмағамбетов ауылындағы «Асқар Тоқмағамбетов Жер» ЖШС-не қатысты даулы мәселе туындаған болатын. «Асқар Тоқмағамбетов Жер» ЖШС егістік алқабына егілген 105 гектар күріштікті жинап алуда екіжақты келіспеушілік орын алды. Осы даулы мәселе Қызылорда облысы әкімінің қатысуымен өз шешімін тапты.

Бүгінгі күні «Асқар Тоқмағамбетов Жер» ЖШС-нің жарғылық қорының 90 пайызының иесі А.Бисенбайдың сенімді өкілі М.Алдоңғаров елдің ауызбірлігі үшін келісімге келді. Нәтижесінде, 105 гектар жерге егілген күрішті «Азамат» шаруа қожалығының төрағасы А.Сқақов жинап алатын болды.