Үкімет отырысынан кейін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен ауданның қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. – 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 77,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2024 жылдың осы деңгейіне қарағанда 78,4 пайызға ұлғайды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 11 млрд. теңгені құрап отыр. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 20,5 млрд. теңгені құрап, 101,1 пайызға орындалды. Ағымдағы жылдың 9 айында аудан экономикасына 52,3 млрд. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 20,5 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, 101,3 пайызға және құрылыс жұмыстарының көлемі 17,8 млрд. теңгені құрап, 101,6 пайызға орындалды. 2025 жылдың 1 қазанына бөлшек сауда көлемі 2,3 млрд. теңгені құрап, 100 пайыз болып отыр. Біз ауданға инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Бұл аудан дамуына серпін береді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері толық орындалуы керектігін атап, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді. Бұдан бөлек, аудан басшысы коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеуіне тоқталып, жылу маусымында мәселе туындамау керектігін ескертті.