Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасына қатысты. Шараға аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық мәслихат депутаттары А.Есназар, А.Ибрагимұлы, Б.Ұлтанбекұлы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және аудан тұрғындары белсене атсалысты.
Тазалық жұмыстары барысында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындарда талдарды балақтау, шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.