Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Ешниязовтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдарға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бекітілген комплаенс офицерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жиын өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е. Зұлқарнаев, персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы С. Қожахметов және мәдениет, клуб үйлерінің комплаенс офицерлері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде «Өңірдегі квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс қызметтерінің жұмыс сапасы туралы», «Сырдария аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны комплаенс офицерінің 9 айында атқарылған жұмыстары қаралды.
– Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтықты қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі болып табылады. Осы орайда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс қызметтерін құру және дамыту өзекті мәселеге айналып отыр. Жиынның басты мақсаты – мәдениет ұйымдарындағы комплаенс жүйесінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, ағымдағы жылғы 9 айында атқарылған жұмыспен танысу және құқықтық баға беру. Біз қоғам болып сыбайлас жемқорлықпен күресуіміз керек, – деді Нұржан Ерділдаұлы.
Жиын қорытындысында аппарат басшысы комплаенс офицерлеріне кәсіпорында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытының жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.