
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге қадірлі қариялардың үйлеріне барып, мерекемен арнайы құттықтады.
Аудан басшысы ғибратты ғұмыр иелері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыровқа, еңбек ардагері Зайдағали Жүсіпбаевқа игі тілегін жеткізді. Ел игілігі үшін жасаған қажырлы еңбектері өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтіп, «Құттықтау хат» және арнайы сый-құрмет көрсетті.
Мерекеде көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қазыналы қариялар елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ баталарын берді.