Аудан әкімінің Білім күнімен құттықтауы!

Аудан әкімінің Білім күнімен құттықтауы!

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!
Қымбатты ата-аналар мен оқушылар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуы – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» дейді дана халқымыз. Білім – баға жетпес байлық, мемлекет дамуының алтын арқауы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім мен ғылымның дамуына аса мән беріп, жастарды оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге үндеп келеді. Президентіміздің тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймақта білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Жаңа оқу жылы жаңа қарқынмен басталуда. Биылғы жаңа оқу жылында ауданда 8208 оқушы білім алатын болса, оның ішінде 766 бала мектеп табалдырығын аттады. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалды.
Білім саласындағы жарқын жетістіктер аудан ұстаздарының еңбегінің нәтижесі деп білемін. Сондықтан мектептің жүрегі саналатын ұстаздар қауымына, оларға үнемі қолдау білдіретін сала ардагерлеріне шынайы алғысымды білдіремін.
Қадірлі ұстаздар!
Дана халқымыз «Білімдіге дүние жарық» деп бекер айтпаған. Сондықтан ұстаздар қауымының білімді ұрпақ тәрбиелеудегі абыройлы істеріне сәттілік тілеймін.
Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болсын!
Құрметпен, Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі