Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Конституция қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылықтың басты кепілі саналады. Сан түрлі саладағы жетістіктерге осы негізгі заңымызға сүйене отырып қол жеткіздік» деп атап өтті. Сондықтан Конституция – елдіктің негізі, егемендіктің нышаны.
Ата Заңға құрмет көрсету – әрбір адамның басты парызы. Қазақстандықтар Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, жеке басы мен отбасы үшін де маңызды екенін сезінуі тиіс.
Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Ата Заңымыз бен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Құрметпен, Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі