Тереңөзекте жаңа темір жол вокзалы бой көтеруде

Тереңөзекте жаңа темір жол вокзалы бой көтеруде

Тереңөзек кентінде жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталды. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» АҚ, ал мердігер мекеме ретінде «РИА Сервис ЛТД» ЖШС жұмыс жүргізуде. Құрылыс алаңының жалпы аумағы 274 шаршы метрді құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін жалғасады.
Бұл жоба аудан тұрғындары үшін үлкен маңызға ие. Өйткені аудан аумағынан өтетін 46 шақырымдық теміржол желісі халықтың қатынасына кең мүмкіндік береді. Жаңа вокзалдың ашылуы арқылы жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалып, қызмет көрсету сапасы артады. Сонымен қатар Тереңөзек кентінің инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін бермек.
Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, талаптарға сай вокзал аудан тұрғындары мен қонақтарының игілігіне қызмет ететін болады. Тереңөзек – дамып келе жатқан өңір, ал жаңа вокзал – оның болашақтағы үлкен жетістіктерінің бірі болмақ.