Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – төрт түлікті түгендеу, олардың арасында қауіпті аурулар таралуының алдын алу туралы аудандық ветеринариялық стансаның басшысы Н.Дәулетбаев хабарлама жасады. Аудан бойынша 2025 жылдың 5 айында барлығы 3047 ветеринариялық анықтамалар беру қызметі мен 4934 ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру жұмыстары жүргізілген. Ветеринариялық стансаның басшысы энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, иесіз ит-мысықтарды аулау, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Аудан әкімі сала жұмысын жандандырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларында қауіпті ауралар таралмау керектігін ескертті.
Мәжілістегі екінші мәселе – Шіркейлі ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы ауыл әкімі Т.Құламқадіров баяндады. Жыл басынан бері "Қызылорда – Қоғалыкөл – Шіркейлі" бағытындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылішілік 1,2 шақырым жол асфальтталған. Сондай-ақ, Б.Жақыпов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл аманаты» жобасы, "Кең дала" бағдарламасы мен "Ұлттық жоба" аясында ауыл тұрғындары кәсіптерін жандандырған.
Берік Әбдіғаппарұлы елді мекендегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты ұстып, ауылды көркейту бағытында жұмыстар атқаруды тапсырды.
Әкімдік отырысында күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, кәсіпкерлік, МӘМС, көлік салығы, ескерткіштерді құжаттандыру секілді қосымша мәселелер қаралып, хаттамалық тапсырмалар жүктелді.