Тұмауға қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде

Тұмауға қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде

Жыл сайын тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырушылардың саны көбейіп келеді. Соған орай ел тұрғындарына тұмауға қарсы вакцина салынады. Биыл елімізде екпе науқаны екі аптаға ерте басталды. Өйткені коронавирус індеті кезінде тұмау өршіп, салдары қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда екпенің аурудың алдын алуға ықпалы зор.
Өткен жылы елімізде 430 мың адам тұмауратса, оның 60 пайыздан астамы 14 жасқа толмаған балалар. Соған орай екпе жұмыстарымен алдымен балабақша мен мектеп жасындағылар бірінші кезекте қамтылуда.
Сырдария ауданы бойынша 2020 жылдың 1 қазанына дейін 3646 адамға вакцина салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда диспансерлік есепте тұратын тұрғындарға, жүкті әйелдерге, медициналық ұйымдарда бақылауда тұрған балаларға, 6 айдан асқан жиі ауыратын балаларға, ересек адамдарға екпе егілуде. Бүгінгі күнге екпе жұмыстары 64,5 пайызға орындалып отыр.