
«Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізеді.
Талдау барысында Бөліммен аталған саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттары және басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша зерделенеді.
Талдау ағымдағы жылдың 1-30 маусым айында жүргізіледі.
Осыған орай, Сырдария аудандық қоғамдық даму бөліміне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9 б мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимаратқа 21-4-30 нөмірі арқылы және vp_nur@mail.kz электронды поштасына хабарласуға болатындығы жеткізіледі.