Лого проект
Меню
Страницы

Аудан әкімінің Астана күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Астана күнімен құттықтауы

Құрметті сырдариялықтар!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен еліміздің бас қаласының құрметіне белгіленген бұл мереке әрбіріміз үшін ерекше ыстық.
Астана – Азаттық пен Тәуелсіздіктің символы, елдің, халықтың, қоғамның жаңа тарихының бастауы. Бүгінде еліміздің бас қаласы – әлемдегі ең жас елорданың қатарында. Бұл шаһар көптеген елдерден ағылған саяхатшыларды өзіне тартып, аз уақыт ішінде ірі халықаралық іс-шаралар мен маңызды оқиғалар өтетін орталыққа айналды. Бас қаланың сәулет өрнектерінде және бейбітшілік сүйгіш рухында Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойғы дәстүрлері өрілген шығыс пен батыстың, қазақ халқының мәдени және рухани байлығы үйлесім тапқан. Сондықтан да сәні мен сәулеті жарасқан елордаға «Бейбітшілік пен келісім қаласы» атағы берілді.
Ардақты ағайын!
Баршаңызды жарқын мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.
Елордамыз халқымыздың берекелі бірлігінің, еліміздегі бейбітшілік мен келісімнің белгісі бола берсін!
Астанамыз гүлденіп, өркендей берсін!
Құрметпен, Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі

Социальные медиа
Сырдарией Ауданының Әкімдігі
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты