Лого проект
Меню
Страницы

Балаларды мектептер арасында онлайн аудару eGov.kz порталында қолжетімді

Балаларды мектептер арасында онлайн аудару eGov.kz порталында қолжетімді

Мектепке баратын балалардың ата аналар мен заңды өкілдері портал арқылы баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталында онлайн ауыстыра алады. Жалпы білім беретін ұйымды іздеу және таңдау процесі ата-ананың тіркеу орны негізінде шағын учаске бойынша оңтайландырылған.
Ата-аналар мен заңды өкілдер мектепті тек шағын учаскіде ғана емес, сонымен қатар оның қалауына сәйкес келетін жағдайда оның шекарасынан тыс кез-келген басқа жалпы білім беретін ұйымды таңдай алады. Сонымен қатар, жалпы білім беретін ұйымды таңдаған кезде пайдаланушыға таңдалған мектепте қолжетімді оқу тілі көрсетіледі. Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарының, жеке істі берудің қажеттілігін жояды.
Сондай-ақ, өтініш беруші қажет болған жағдайда берілген өтінімді кері қайтарып ала алады.
Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:
• eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Білім» бөліміне өтіңіз;
• тізімнен «Орта білім» бөлімін таңдап, «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдауды» таңдаңыз;
• қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
• қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

 

Социальные медиа
Сырдарией Ауданының Әкімдігі
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты