№ |
Мәселенің мазмұны |
Орындалуы |
1 |
Айдарлы ауылындағы Ш.Ілиясов, М.Нұртаза және Қ.Сәтбаев көшесінің қалған бөлігіне жөндеу жұмыстарына құжаттар әзірлеп, ұсынсын |
Ш.Ілиясов, М.Нұртаза және Қ.Сәтбаев көшелеріне жол құрылысы жұмыстарын жүргізу үшін «Казгражданпроэкт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен демеушілік арқылы жобалық сметалық құжаты әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
2 |
Айдарлы ауылына «Ботабай» каналымен аяқ судың тұрақты берілуін назарға алсын |
Биыл ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен ауыл ішін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 4,5 шақырым «Уалихан» және 3 шақырымды құрайтын «Тораңғылды» каналдарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен ауыл іші толықтай аяқ сумен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта аяқ су мәселесі туындаған жағдайда «Ботабай» каналы бойында орналасқан шаруа қожалық иелерімен каналды тазарту жұмыстарын жүргізу жөнінде жұмыстары жүргізіледі. |
3 |
Жетікөл елді мекенінің шет аймағындағы көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізсін |
Елді мекеннің шет аймағындағы көшелерге қиыршық тас төсеу бойынша Бимаханов көшесі, Тасыров көшесі, Абай көшесі және М.Әуезов пен Тасыров көшелерінің арасына қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжат әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. |
4 |
Балаларды медициналық тексерулерден өткізуді Аманкелді ауылдық амбулаториясында іске асыруды қарастырсын |
Балалар медициналық тексерулерден Аманкелді ауылдық амбулаториясында кезектілік бойынша өтуде. |
5 |
Аманкелді елді мекенінде жаңадан жүргізілген электр желісін толықтай іске косу және теңгерімге алу (беру) жұмыстарын жеделдетсін |
2023 жылы жаңадан жүргізілген электр желілері елді мекенде толықтай қосылған. Қазіргі уақытта элетр желісі «Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің» теңгерімінен «Тасбөгет АЭТ» мекемесінің теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. |
6 |
Халық сұранысына сәйкес, «Қызылорда-Аманкелді-Жетікөл-Айдарлы» бағытында қоғамдық көлік жүргізуге ұсыныс берсін |
Аманкелді ауылы әкімі тарапынан Қызылорда Автопарк мекемесімен келіссөздер жүргізілді. Аманкелді ауылы тұрғындары атынан «Қызылорда автопаркі» ЖШС-нің басшысы М.Ө.Жүсіпке ұсыныс хат жазылды. Зерделеу нәтижесінде елдімекен тұрғындары қоғамдық көлікпен жүруге деген сұраныс жоқ екендігі анықталған. Атап айтқанда: «Қызылорда-Аманкелді-Жетікөл-Айдарлы-Ботабай» бағытында 2 мезгіл (таңертеңгілік және түстен кейінгі уақытта) коғамдық көлік (автобус) қатынайды, дегенмен жергілікті халық бұл аталған автобусқа отырмайтыны анықталған. Тұрғындардың барлығы жергілікті такси қызметін пайдаланады. Бүгінгі таңда аталған бағытта 1 қоғамдық көлік қатынауда. |
7 |
Емхана жүргізушінің жалақы мәселесіне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін баяндасын |
Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігеріне ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде жалақы мөлшері 30 пайызға көбейтілді. Жүргізуші мәселесі толығымен шешілді. |
8 |
Аманкелді елді мекеніндегі №42 мектеп-лицей ғимаратын күрделі жөндеуге ұсыныс енгізсін |
Сырдария аудандық білім бөлімі, 2025 жылдың бюджетін жоспарлау барысында 261 067 015 «Ведомстволық бағыныстағы күрделі шығыстар» бағдарламасына ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттамасын жасатуды қажет ететін Сырдария ауданы, Амангелді ауылындағы №42 Қ. Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейіне 9970,2 мың теңгеге облыстық білім басқармасына 21.11.2024 жылдың №01-18/557 санды хатымен бюджеттік өтінім ұсынылды. |
9 |
Бесарық ауылындағы Т.Белгібаев, Ә.Өтешов көшелерін жарықтандыруға ұсыныс енгізсін |
Ауылдық округке қарасты Т.Белгібаев және Ә.Өтешов көшелерін жарықтандыруға аудандық бюджеттен 4,3 млн. теңге бөлініп, екі көшеге 54 бағана орнатылды. |
10 |
Бесарық ауылындағы ауыз су мұнарасына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін |
«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сыр суы» филиалы «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесіне қарасты Бесарық елді мекеніндегі насос станциясындағы 50 м3 ауыз су мұнарасы 2015 жылы салынған. Аталған нысанға жыл сайын көктем және күз айларында тазалау, сырлау жұмыстары уақытылы жасалуда және бүгінгі таңда 24 сағат үздіксіз ауыз су жинап, халыққа берілуде. |
11 |
Қоғалыкөл ауылындағы «Қышқала» көшесін жөндеуге жоба-сметалық құжат әзірлеп, ұсыныс енгізсін |
«Қышқала» көшесін жөндеуге жоба-сметалық құжаттары демеушілік есебінен әзірленуде. Құжаттар дайын болған соң бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. |
12 |
«Қоғалыкөл-Бесарық» автожолының қалған бөлігіне (6 шақырым) жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізілуін қамтамасыз етсін |
«Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» бағытындағы 10,2 шақырым тас жолына орташа жөндеуге (571 млн теңгеге) жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС анықталды. 2025 жылы қаржысы бөлініп, жұмыстар басталады. |
13 |
Қоғалыкөл елді мекеніндегі жаңадан жүргізілген электр желілерінің тұрғын үйлерге қосылуын толық қамтамасыз етсін |
Қоғалыкөл ауылына жаңадан жүргізілген электр желілерінің тұрғын үйлерге қосылуы толық қамтамасыз етілді. |
14 |
Қоғалыкөл ауылындағы |
М. Шоқай тұйығы бойындағы аяқ су келетін арыққа тазалау жұмыстары толығымен жүргізілді. |
15 |
Қоғалыкөл ауылындағы «Шаттық» бөбекжай балабақшасына логопед штатын ашуға зерделеу жүргізіп, ұсыныс енгізсін |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 шiлдедегi «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту» туралы №224 бұйрығының талаптарына сәйкес келмейді. Атап айтқанда, талап бойынша 12-13 инклюзивті бала болу керек, ал елді мекенде инклюзивті балалар жоқ. Сондықтан балабақшаға логопед маман қажет етілмейді. |
16 |
Ауыл тұрғыны С.Рашидинді қоғамдық жұмыспен қамтудың заңдылықтарын зерделеп, нәтижесін баяндасын |
Ауыл тұрғыны С. Рашидин қоғамдық жұмыспен қамтылды. |
17 |
Шіркейлі елді мекеніне балалар ойын алаңын салуға жоба-сметалық құжат әзірлеп, ұсыныс енгізсін |
Балалар ойын алаңын салуға жоба-сметалық құжаттары демеушілік есебінен әзірленуде. |
18 |
Шіркейлі ауылындағы Қ.Қожамжаров және Ә.Тоққожаев көшелерінің жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, ұсыныс енгізсін |
Жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жобаны қаржыландыру үшін Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы ҚР Көлік министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды. |
19 |
Шіркейлі елді мекенін газдандыру бойынша зерделеу жүргізіп, нәтижесін баяндасын |
«Мәді Қажы» ЖШС-нің демеушілігімен жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. |
20 |
Ауылдық учаскелік полиция инспекторы мал ұрлығы және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша нақты іс-шараларды жүргізсін |
Мал ұрлығы және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд жұмыстары тұрақты жүргізіп келеді. Бір сарбаз қоғамдық жұмыс негізінде тартылған. |
21 |
Ауыл тұрғындарына берілетін тегін дәрілер, ақылы қызметтер мен портал бойынша емдеу мекемелеріне жатқызу мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін |
Ауыл тұрғындарына берілетін тегін дәрілер, ақылы қызметтер мен портал бойынша емдеу мекемелеріне жатқызу мәселелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
22 |
Шаған елді мекендегі «Казпошта» АҚ филиалы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті органдарға хат жолдап, нәтижесін баяндасын |
Елді мекендегі «Казпошта» АҚ бөлімшесінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететіндігі туралы 07.06.2024 жылы |
23 |
Шаған ауылындағы электр желілері мен бағаналарын қайта жаңғырту жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етсін |
Электр желілері мен бағаналарын және трансформаторларын ауыстыру жұмыстарын «Энерго Мера» ЖШС жүргізіп. Толық пайдалануға берілді. |
24 |
Шаған ауылында орналасқан ауыз су қоймасындағы генераторды «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД облыстық филиалынан қайтару бойынша жұмыстар жүргізсін |
Ауыз су қоймасындағы генераторды «Сыр суы» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД облыстық филиалынан қайтару бойынша тиісті мекеме басшыларына ауыл әкімінің 19.06.2024 жылғы № 07-28/290 санды ұсыныс хаты жолданды. Қазіргі уақытта электр генераторын қайтару жұмыстары жүргізілуде. |
25 |
Шаған елді мекендегі |
Елді мекендегі №37 мектеп-лицейінің спорт залын жөндеуден өткізу бойынша жобалық сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттік өтінім облыстық білім басқармасына ұсынылды. |
26 |
Іңкәрдария елді мекеніндегі «Шағырай» участігіндегі егістік жерлердің ротация сақталуына зерделеу жұмыстары жүргізіп, нәтижесін баяндасын |
2024 жылы Іңкәрдария ауылдық округі бойынша суармалы жерлерде дақылдарын кезектестірудің схемасын сақталуына аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ауыспалы егіс тәртібін бұзған Іңкәрдария агро фермер қожалығына акт жасалып, Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне заңнамаға сәйкес шара қабылдау жөнінде хат жолданды. Департамент тарапынан Іңкәрдария агро фермер қожалығына ескерту түрінде нұсқама берілді. |
27 |
Іңкәрдария ауылындағы Қ.Сейдахметов көшесінің қалған 300 метр бөлігіне қиыршық тас төсеу жұмыстарын қарастырсын |
Іңкәрдария ауылы бойынша асфальттауды қажет ететін 3 көше бар (Ғ.Мұратбаев, Қазыбек би, Төле би көшелері) сметалары жасалған. Алдағы уақытта аталған көшелерге қаржы бөлініп, асфальтталған уақытта Қ.Сейдахметов көшесінің қалған 300 метр бөлігіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. |
28 |
Ақжарма ауылындағы Есентұров №23 үйдің жанындағы электр бағанасын қауіпсіз аумаққа жылжытуды қамтамасыз етсін. |
Аудандық Тереңөзек электр торабы бөлімімен бірлесіп электр бағанасы қауыпсіз аймаққа ауыстырылды. |
29 |
Ауданда орыс тілі пәнін бөліп оқыту мәселесін зерделеп, нәтижесін баяндасын. |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы № 348 бұйрығының 43,44 пунктеріне сәйкес, орыс тілі пәні мектеп бағдарламасына 2 сыныптан бастап енгізіледі. Білім берудің жалпыға міндетті стандартында сынып толымдылығы 20 оқушыдан асқанда шетел тілі, технология, информатика пәндері, оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті 2 топқа бөлінеді деп көрсетілген. |
30 |
Қалжан ахун елді мекеніндегі жайылымдық жерлерге экологиялық судың жіберілуін қамтамасыз етсін |
2024 жылы көктем мезгілінде «Қазсушар» РМК аудандық бөлімі арқылы елді мекенге жайылымдық жерлерге (Қарой учаскесіне) экологиялық судың жіберілуі толық қамтамасыз етілді. |
31 |
А.Тоқмағанбетов ауылдық мәдениет үйіне жаңа музыкалық аппарат алуға бюжеттік өтінім ұсынсын. |
А.Тоқмағанбетов ауылдық мәдениет үйіне жаңа музыкалық аппарат сатып алынып пайдалануға берілді. |
32 |
Шаруашылық құрылымдарын тарта отырып, мал азығы болатын шөп жәрмеңкесін ұйымдастырсын. |
Тереңөзек кентінде мал азығы болатын шөп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. |
33 |
Тереңөзек кентіндегі балабақшалардағы іс-шараларға зерделеу жүргізіп, нәтижесін баяндасын. |
Балабақшаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе назарға алынып, жұмыстар жүргізілуде. |
34 |
Аудандық емханадағы тісті түсіретін рентген аппаратының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. |
Емханада тісті түсіретін рентген аппараты жұмыс жасап тұр. |
35 |
Айдарлы елді мекеніндегі иесіз деп танылған «Ақарық» каналын құжаттандыру жұмыстарын жүргізсін |
Қазіргі таңда «Ақарық» каналын құжаттандыру жұмыстары ауыл шаруашылық бөлімімен бірлесіп жүргізілуде. |
36 |
«Байқоңыр» ӘӨК арқылы Айдарлы ауылына газ құю бекетін орнату жұмыстарын ұйымдастырсын |
«Азимут ГАЗ» ЖШС – мен келіссөздер жүргізіліп, 2025 жылы газ құю бекетін орнату жұмыстары жоспарлануда. |
37 |
Асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталмай қалған Ж.Досымбетұлы көшесіне ЖСҚ әзірлеп ұсынсын |
Жармахан Досымбетұлы көшесін жөндеуге жоба-сметалық құжаттары демеушілік есебінен әзірленуде. |
38 |
«Тасбөгет» электр торабымен (Б. Рахым к.б.) бірлесіп, ауылға электрик маманын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізсін |
Айдарлы ауылы тұрғыны З.Жүсіпов 2024 жылдың 19 желтоқсан күнімен жұмысқа орналасып жұмысын жасауда. |
39 |
Жетікөл елді мекені аумағында орналасқан шабындық жерлер мен көл, тоғандарды аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдасын |
«Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің мәліметіне сәйкес елді мекен аумағында орналасқан шабындық, жайылымдық және көл тоғандарды аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында Қараөзек, Жетікөл-Жарма, Елтай каналдары арқылы 252 млн.текше метр экологиялық су жіберілді. |
40 |
Жетікөл елді мекеніндегі «Хозцентр» каналының сағасына су тоспасын салу бойынша ұсыныс енгізсін |
Жетікөл ауылдық округінде орналақсан «Хозцентр» каналының сағасына ГТҚ (су тоспасын) күрделі жөндеуден өткізу үшін Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне аудандық әкімдігі тарапынан хат жолданды. |
41 |
Облыстық маңызы бар «Қызылорда-Айдарлы» тасжолының Жетікөл елді мекені тұсындағы көпірге аяқ су өтетін труба ауыстыру бойынша ұсыныс енгізсін |
«Қызылорда-Айдарлы» тас жолының елді мекен тұсындағы көпірге аяқ су өтетін трубасын ауыстыру жұмыстарын демеушілер есебінен жүргізу жоспарлануда. |
42 |
Аманкелді ауылындағы Қ.Баймағанбетов және А.Ағайдаров көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуға жоба ұсынсын |
Қ. Баймағанбетов және А. Ағайдаров көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуға жоба сметалық құжат дайындауға ұсыныс енгізіліп, 2025 жылға қаржы қаралды. |
43 |
Аманкелді ауылындағы «Қызыл Ту» өңіріндегі көшелерге қиыршық тас төсеуге жоба ұсынсын |
«Қызыл Ту» өңіріндегі көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары демеушілік есебінен әзірленуде |
44 |
Аманкелді елді мекендегі Қосапан көшесіне, Құм жағалау көшесіне және «Су қоймасы» айналасындағы жаңа тұрғын үйлер орналасқан аумаққа асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуге жоба ұсынсын |
Елді мекендегі Қосапан көшесіне, Құм жағалау көшесіне және «Су қоймасы» айналасындағы жаңа тұрғын үйлер орналасқан аумаққа асфальт төсеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары демеушілік есебінен әзірленуде |
|
«Қызылорда-Айдарлы» тасжолының Аманкелді ауылы ішінен өтетін бөлігіне жылдамдық өлшеу құрылғыларын орнату бойынша ұсыныс енгізсін |
Қызылорда-Айдарлы бағытындағы автожолына 2024 жылы 3 жерге бейне бақылау камералары орнатылды. 2025 жылға жылдамдық өлшеу құрылғысын орнату бойынша ұсыныстар енгізілді. |
45 |
Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау мақсатындағы рейд жұмыстарын жандандырсын |
Елді мекендерде жол қауіпсіздігін сақтау мақсатындағы Сырдария аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. |
46 |
Аманкелді елді мекендегі №42 мектеп-лицей ғимаратын күрделі жөндеу бойынша ұсыныстар енгізсін |
№42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп – лецейі ғимараты мектеп ауласын абаттандыру, спорт зал және асханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарына жасалған жоба сметалық құжаты ұсынылып, 2025 жылға жоспарға қойылған. |
47 |
Тереңөзек кенті орталығында орналасқан жеке балабақшалардағы тасымал көліктерінің талапқа сай болуын зерделеп, нәтижесі бойынша ақпарат ұсынсын |
Қалжан ахун елді мекені бойынша кент орталығындағы жеке балабақшаларға тасымалданатын тәрбиеленушілер анықталды, осыған сәйкес жеке балабақща құрылтайшысымен жол қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы жабдықталған автокөліктермен қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
48 |
Қалжан ахун ауылындағы №126 орта мектептің күрделі жөндеу жобасын қаржыландыруға тиісті басқармаға ұсыныс енгізсін |
№126 орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ жасатуға 7267,9 мың теңге қаржыға 06.12.2024 жылы №01-18/586 санды хатымен облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінімдер ұсынылды. |
49 |
Тұрғындардың денсаулығына жалпы тексеру жүргізу үшін елді мекендерде «Денсаулық» іс-шарасын ұйымдастырсын |
Елді мекен тұрғындары үшін «Денсаулық» іс-шарасы ұйымдастырылды. |
50 |
Шіркейлі ауылындағы |
Шіркейлі ауылының Ә.Тоққожаев, Д.Рахметов, Ғарышкер, Б.Жақыпов көшелерінің автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жобасы әзірленіп, қаржыландыруға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
51 |
Мал ұрлығын болдырмау, жасөспірімдер арасында қылмыстардың алдын алу бағытында рейд ұйымдастырсын |
Мал ұрлығын болдырмау және жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу бағытында елді мекенде тұрақты түрде рейд жұмыстары жүргізіліп отыр. |
52 |
Елді мекендердегі қауымдастық жиындарымен кездесіп, жұмыс бағыттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін |
Елді мекендердегі қауымдастық жиындарымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
53 |
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының елді мекен тұсына жылдамдықты шектеу және төрт түлік мал өтетіні туралы жол берлігерін орнату жұмыстарын ұйымдастырсын |
Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының елді мекен тұсына жылдамдықты асырма деген ескертпе банері орналастырылды. Сонымен қатар, облыс әкімінің қолдауымен Н.Ілиясов және Ақжарма ауылы тұсына жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 2 дана стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы орнатылды. |
54 |
Дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінуіне тиісті басқармамен жұмыстар жүргізсін |
«Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК тарапынан Шаған ауылдық округте орналасқан дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарына 2025 жылы «Ауыл -Ел» бесігі бағдарламасы арқылы қаржы бөлінген, тиісті жұмыстар атқарылатын болады. |
55 |
Іңкәрдария елді мекеніндегі «Аңламас» каналын облыстық «Арна» мекемесінің меншігіне беру жұмыстарын жеделдетіп, тоспа салуға ұсыныс енгізсін |
Іңкәрдария елді мекенің аяқ сумен қамтамасыз ететін «Аңламас» каналын облыстық меншікке «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өткізу жұмыстары жүргізілуде. «Аңламас» каналы облыстық меншікке қабылданғаннан кейін «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы бас сағасына «ГТҚ» су тоспасын салу жұмыстары жүргізіледі. |
56 |
Іңкәрдария ауылындағы №191 орта мектептің күрделі жөндеу жобасын қаржыландыруға тиісті басқармаға ұсыныс енгізсін |
№191 орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 4500,0 мың теңге қаржыға 06.12.2024 жылы №01-18/586 санды хатымен облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
57 |
Ақжарма ауылындағы Резервке алынған |
Ақжарма ауыландағы резервке алынған 2000 гектар жер бойынша тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |