Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы төлемдерін алу құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша көзделмесе, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да міндетті, міндетті кәсіптік (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.
Төлем рәсімдеу үшін Қорға құжаттар тапсыру керек. Оның 3 түрлі тәсілі бар:
БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.
Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады. Егер көрсетілген құжаттар өтініш білдірген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшінің жойылуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін құжаттар Қорға қабылданған не түскен күннен бастап 10 күн ішінде жүзеге асырады.
Зейнетақы жинақтарының төлемі зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса да, тек сол алушының банктік шотына аударылады. Зейнетақы жинақтары төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына аударуға жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруды рәсімдеуші адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін деректемелері өтініште көрсетілген алушының банктік шотына тек ұлттық валютада – Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублімен – Қазақстаннан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға аударған кезде жүзеге асырады.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
2025 жылғы 24-25 сәуірде Тәжікстан Республикасы делегациясының (бұдан әрі – ТР) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) танысу сапары өтті. Іс-шара Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтті.
Делегация құрамында ТР Үкіметі жанындағы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігі (ӘСЗА), ТР Президенті жанындағы инновация және цифрлық технологиялар агенттігі (ИЦТА), ТР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Әлеуметтік қорғау мен экономикалық интеграцияны жаңғырту жобасын" жүзеге асыру тобының өкілдері болды. Кездесуге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты.
Құттықтау сөзінде "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов кездесуге қатысушыларға Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып, оның негізгі компоненттері туралы баяндады және екі ел мамандарының нәтижелі ынтымақтастығына сенім білдірді.
Өз кезегінде тәжік делегациясының басшысы – ТР ӘСЗА директоры Абдурахмон Халимзод қазақстандық әріптестеріне зейнетақы жүйесін құрудың озық тәжірибесімен және оны цифрландыру деңгейімен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Ол цифрлық технологияларды өмірдің барлық салаларына, әсіресе зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласына енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл қазіргі уақытта Тәжікстандағы басым стратегиялық міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Семинар барысында Душанбе қаласындағы ӘСЗА басқармасының бастығы Усмонали Сироджов ТР әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айтып берді. Қазір Тәжікстанда ерлер 63, әйелдер 58 жасында зейнетке шығады. Зейнетақы төлемдері елдегі орташа өмір сүру ұзақтығына сәйкес 180 айға (15 жыл) есептелген. Сақтандыру және Мемлекеттік зейнетақы жасына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалады. Сақтандыру зейнетақысы сақтанушылар сақтандырылған адамдар үшін төлеген зейнетақы жарналарынан тұрады (мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысының 25%, мемлекеттік емес мекемелер 20%). Сондай-ақ, зейнетақы әкесінен немесе анасынан айырылған 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.
Тәжікстандық топ Қазақстанның зейнетақы жүйесімен танысу, оның жинақтаушы компоненттеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ еліміздің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен танысу үшін келді.
Тәжік делегациясына Қазақстандағы әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, атап айтқанда жинақтаушы компонент туралы кешенді ақпарат ұсынылды. Зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту, жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, зейнетақы төлемдерінің түрлері сынды тақырыптар таныстырылды, Зейнетақы жинақтарын инвестициялау мәселелері ашылды. Бұл ретте осы бағыттарды іске асыруда цифрландырудың рөліне, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, БЖЗҚ және Қазақстанның жинақтаушы жүйесінің басқа да қатысушылары (уәкілетті операторлар (ЕДБ), инвестициялық портфельді басқарушылар және өмірді сақтандыру компаниялары және т.б.) ұсынатын онлайн-сервистерді дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды дамытудың және ақпараттық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, мемлекеттік құрылымдардың дерекқорларымен тығыз ықпалдасудың арқасында БЖЗҚ халыққа көрсететін барлық қызметтер цифрландырылды. Цифрландыру Қазақстанның зейнетақы және әлеуметтік жүйесін неғұрлым ашық, ыңғайлы және икемді, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары үшін пайдаланушы тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұны Тәжікстанның әлеуметтік ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Дүниежүзілік банк өкілдері атап өтті.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) берілетін төлемдердің мөлшері тұрақты әрі толық көлемде аударылатын жарналардың сомасына тікелей байланысты. Жеке шоттарға ай сайын аударылып отыратын жарналар инвестициялық табыс есебінен көбейеді. Сонымен қатар, олар 1998 жылдан бергі еңбек өтілін растайтын маңызды көрсеткіш болып саналады. Бұл өтіл зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімінің ұзақтығын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен төленетін базалық зейнетақының мөлшерін есептеу үшін қажет.
БЖЗҚ зейнетақы жарналарының дұрыс және толық аударылуын, әсіресе, жарналар жалақыдан ұсталып отырған жағдайда жіті қадағалаудың маңыздылығын ескертеді. Мұндай бақылау азаматтарға өз жинақтарының дұрыс қалыптасып жатқандығына көз жеткізіп, болашақта лайықты зейнетақы алуға мүмкіндік береді.
Бүгінде БЖЗҚ-да жеке шоты бар әрбір азаматқа enpf.kz ресми сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетке еш қиындықсыз кіруге болады. Қызметтің бұл түрі арқылы жинақтардың жай-күйін бақылап, жеке шот бойынша жасалатын барлық операциялар туралы өзекті ақпаратты жедел ала аласыз. Жеке кабинетке тіркелу үдерісі өте қарапайым және мұндай қызмет түрімен алғаш рет танысып отырған жандар үшін де қолайлы.
Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға бейім азаматтар үшін қосымша қолайлылық туғызады.
Статистика: 2025 жылдың басынан бастап 1 наурызға дейінгі аралықта БЖЗҚ шоттарынан 5,4 миллион үзінді көшірме берілген. Оның ішінде 4,4 млн астамы (немесе 82%) электронды түрде ұсынылған. Бұл сандық қызметтердің кеңінен қолданылып жатқанын және азаматтардың ақпаратты онлайн алуға деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Электрондық платформаларды пайдалану ақпарат алу кезіндегі қателіктердің орын алу ықтималдығын едәуір төмендетіп, БЖЗҚ-мен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді. Бұл салымшыларға жарналардың уақытылы аударылмауы немесе басқа да мәселелер туындаған жағдайда, шұғыл түрде қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының жағдайын нақты бағалап, зейнетақы жинағын көбейтуге бағытталған шараларды алдын-ала қабылдауға жол ашады.
Бүгінгі бақылау – сенімді болашақ кепілі!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшыларын қолдау мен ақпараттандыруға бағытталған қызметтердің кең ауқымын ұсынуды белсенді түрде жалғастыруда. 2025 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында халыққа шамамен 16,5 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санының 7 млн-нан астамы электрондық форматта, 9 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,4%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз 262,7 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 255 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.
Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.
Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 627,6 мыңға жетті.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 7,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 6,4 млн астамы - электрондық, ал 1,1 млн астамы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін қосымша қолайлылық туғызады.
Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында деректемелерді өзгертуге 38,4 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 35,5 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.
БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 10,2 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 212 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 11,2 мыңнан астам материал жарияланды.
Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 165,8 мың.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру барысында "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 9,30 млн аса АҚШ долларына 83 937 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 5,37 млн астам АҚШ долларына 48 626 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 3,93 млн АҚШ долларына 35 311 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (5,24 млн жуық АҚШ долларына 47 358 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 42,48 мың АҚШ долларына 398 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – шамамен 35,71 мың АҚШ долларына 345 өтініш.
Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (3,42 млн АҚШ долларына 30 521 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (383,60 мың АҚШ долларына 3 616 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (106,04 мың АҚШ долларына 1 015 өтініш орындалды).
Биыл еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға Қазақстан Ұлттық қорынан екінші рет қаражат есептелді.
Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.
kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтардың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі 22,75 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 3,86 трлн теңгеге немесе 20,5%-ға артты.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2025 жылдың 1 сәуіріне - 21,76 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,3%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 653,83 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 9%.
Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2025 жылдың 1 сәуіріне олардың көлемі 8,19 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 сәуіріне 329,12 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бұл ретте салымшылардың жеке және шартты шоттарына есепті жыл ішінде түскен қаражат мөлшері – 762,22 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 22,2% немесе 138,62 млрд теңге).
Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1-сәуіріне 630,91 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 13,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 35,31 млрд теңге (өсім - 22,4%), ЕЗЖ - 809 млн теңге (өсім - 14,8%) түсті. 2025 жылдың алғашқы 3 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 95,18 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың 3 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 371,44 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 92,5% немесе 178,47 млрд теңгеге көп.
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 219,10 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,10% ұлғайып, 01.04.2025ж. 56,40 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 638 теңге.
Жыл басынан бастап 01.04.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,63 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 8,46 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 801,25 млн теңге, жерлеуге төлемдер – 2,63 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 67,43 млрд теңге сомасы аударылды.
ЖЗШ саны
2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,44 млн. бірлік (жыл бойғы өсім – 1,66 млн бірлік немесе 10,5%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 сәуіріне 12,54 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 729,35 мыңы - МКЗЖ бойынша, 446,65 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.
Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,91 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Атауы |
Төлемдер жоспары |
01.05.2025ж. факті |
% |
Есепті кезеңде жоспардан ауытқу |
ТҮСІМДЕР |
3424922,0 |
3123485,4 |
91,2 |
-301436,6 |
Кірістер, оның ішінде |
3318437,0 |
3069476,6 |
92,5 |
-248960,4 |
Кірістер (3 санат) |
1526631,0 |
1702507,6 |
111,5 |
175876,6 |
Салықтық түсімдер |
1521777,0 |
1679022,3 |
110,3 |
157245,3 |
Салықтық емес түсімдер |
|
9922,0 |
|
9922,0 |
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер |
4854,0 |
13563,3 |
279,4 |
8709,3 |
Трансферттер түсімдері |
1791806,0 |
1366969,0 |
76,3 |
-424837,0 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
106485,0 |
54008,8 |
50,7 |
-52476,2 |
ШЫҒЫСТАР |
3447010,2 |
3446284,7 |
100,0 |
-725,5 |
Шығындар |
3447010,2 |
3446284,7 |
100,0 |
-725,5 |
Бюджеттік кредиттер |
|
|
|
|
Қаржылық активтерді сатып алу |
|
|
|
|
БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ) |
-22088,2 |
-322799,3 |
|
|
Қарыздардың түсімі |
|
|
|
|
Қарыздарды өтеу |
106485,0 |
106485,0 |
100,0 |
|
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЛДЫҚТАР |
128573,2 |
429284,3 |
|
|
«2025 жылғы 1 мамырға аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп»
мың теңге
2025 жылғы 1 мамырға аудандық бюджеттің орындалу қорытындылары туралы қысқаша ақпарат Есепті мерзімге аудандық бюджетке түсімдер 3424922,0 мың теңге сомасында көзделген. 1 мамырға атқарылу 3123485,4 мың теңгені немесе есепті жоспарға 91,2% құрады. Аудандық бюджетке кірістер 3318437,0 мың теңге сомасында көзделген. 1 мамырға кіріс 3069476,6 мың теңге немесе 248960,4 мың теңгеге кем орындалып, есепті жоспарға 92,5% түсті. Аудандық бюджетке түсетін салық түсімдері төлемдер жоспары 1521777,0 мың теңге болғанда 1679022,3 мың теңгені немесе 110,3% құрады, 157245,3 мың теңге артық орындалды. Салықтық емес түсімдер есепті кезеңге төлемдер бойынша жоспарланбаған, орындалуы 9922,0 мың теңгені құрады. Есепті кезеңге арналған 4854,0 мың теңге жоспарда негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 13563,3 мың теңге түсті немесе 279,4%. Трансферттер түсімі 1791806,0 мың теңге жоспарда 1366969,0 мың теңге немесе 76,3% түсті. Оның ішінде кент, ауылдық округтердың бюджеттерінен трансферттер 11636,6 мың теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер 123996,4 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 179001,0 мың теңге, субвенция 1052335,0 мың теңге. 54008,8 мың теңгеге бюджеттік кредиттер өтелді. Есепті мерзімге аудандық бюджет шығыстары 3447010,2 мың теңге сомасында жоспарланды. 2025 жылғы 1 мамырға 3446284,7 мың теңгеге немесе төлемдер жоспарына 100%-ға шығыстар жүргізілді. 725,5 мың теңге атқарылмаған. 2025 жылғы 1 мамырдағы аудандық бюджет дефициті -322799,3 мың теңгені құрады. Аудандық бюджет дефицитін қаржыландыруға – 322799,3 мың теңге, оның ішінде қарыздар түсімі есебінен – 0 мың теңге, қарыздарды өтеу есебінен – 106485,0 мың теңге, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен – 429284,3 мың теңге пайдаланылды.
|
2025 жылдың 23 сәуір күні сағат 9:15 Сырдария аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
Өтетін орны: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі, №9А
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2025 жылдың 23 сәуір күні сағат 9.15 дейін, келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8(72437) 21 1 60
Сырдария ауданы әкімі аппараты
(ЖАО атауы)
№ п/п |
Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген мекемелердің атауы, жеке тұлғалардың ТАӘ |
Жария талқылау шеңберінде түскен ұсыныстардың және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны |
Ұсыныстарды және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет |
Ұсыныстарды және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіздер |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
жоқ |
жоқ |
жоқ |
жоқ |
жоқ |
2024 жылғы ұсынылған мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына аудан бойынша заңды және жеке тұлғалар тарапынан ұсыныс, пікірлер түскен жоқ.