"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында өткізілетін "Ашық есік күні" онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз.
Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.
Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.
Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.
Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/r0e8bf9c8471128df79e68d240b6a0e0f
бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2518 228 1610 және event-кеңестің паролін Qwert енгізу қажет.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер төлейді. Агент – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударатын, ұстап қалатын (есептейтін) жеке немесе заңды тұлға. Оларға Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар да жатады.
МЗЖ-ны мына санаттарға жататын азаматтар өз бетінше төлейді:
Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табыс. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.
Сонымен қатар, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Егер аталған адамдардың табысы республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болса, олар МЗЖ-ны республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен төлеуге құқылы;
Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс – бұл МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табысы. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексі "Қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтерін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету" бабымен толықтырылды.
Интернет-платформалардың және (немесе) мобильдік қосымшалардың операторы арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкерлердің (ЖК) кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ұстап қалуды жүргізеді және ұсталған сомаларды БЖЗҚ-ға аударады. МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 1% мөлшерінде немесе МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде орындаушының өз қалауы бойынша айқындалады. МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс деп орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған табысы түсініледі.
Интернет-платформа операторы – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету бойынша (оның ішінде үшінші тұлғаларды тарта отырып) байланыс орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Орындаушы – интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызмет көрсететін немесе жария шарт негізінде интернет-платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын жеке кәсіпкер-орындаушылардың көрсеткен қызметтері немесе орындаған жұмыстары үшін алған табысы.
Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Зейнетақы жарналарын – міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу бірінші жарна түскен кезде жүргізіледі. Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру жарналарды аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы және өзге де барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, өйткені зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шот автоматты түрде ашылады.
ЖЗШ ашу және зейнетақы жарналарын аудару мәселелері бойынша ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған.
3) БЖЗҚ салымшыларға өз шоттарын мониторингілеу және зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай онлайн-құралдар немесе қызметтер ұсынады?
БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамы автоматты, электрондық және қашықтықтан тәулік бойы (24/7) ұсынылады.
Зейнетақы шотын тұрақты мониторингілеу үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу неғұрлым жедел және ыңғайлы болып табылады. Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарын қай ұйым, қандай уақытта аударғанын да білуге болады. Сондай-ақ, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады.
Жеке кабинетте зейнетақы шотының жай-күйіне қатысты ақпараттан басқа, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттың болуы туралы анықтама алу, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және болашақта алғыңыз келетін зейнетақы мөлшерін көрсете отырып, зейнетақы жоспарын құруға көмектесетін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарын пайдалануға болады.
Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін ыңғайлы.
4) Фрилансерлерге ерікті зейнетақы жарналарын аудару қажет пе, бұл жарналардың артықшылықтары қандай?
- Болашақта алатын зейнетақыңыздың мөлшерін арттыра түскіңіз келсе, зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын да аударып отырсаңыз болады. Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы көп. Мәселен, Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін, жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті аударымдарды екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бұл БЖЗҚ салымшылары үшін тиімді әдіс.
Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті кәмелетке толмаған балаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр.
ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, зейнетақы жарналарының басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ алғашқы жарна аударылған сәтте автоматты түрде ашылады.
Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Егер инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады.
Сондай-ақ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап алуға болады.
Салымшының ЕЗЖ аудару туралы дер кезінде қабылдаған шешімі зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары мөлшердегі төлемдер алуға негіз бола алады.
Қазақстанның басқа азаматтарының зейнетақы жинақтары сияқты, фрилансерлердің зейнетақы жинақтары да инвестицияланады. Инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді перспективада нақты табыс табу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялаумен Қазақстанның Ұлттық Банкі және бес басқарушы компания айналысады: "Jusan Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Сіз басқарушы компанияны өзіңіздің қалауыңыз бойынша таңдай аласыз.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын жарияланып отырады.
2025 жылғы 1 мамырдағы көрсеткіш бойынша 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 11,59 трлн теңгеге тең. Жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,8% жетті.
Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинақтарының елеулі бөлігі инвестициялық табыс есебінен құралды. Соңғы 10 жылда зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай өсуі байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақ сомасын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстандағы зейнетақы жинақтары — азаматтардың зейнетке шығу кезеңіндегі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясат пен активтерді әртараптандырудың арқасында еліміздің зейнетақы жүйесі ұзақ мерзімді тұрақты өсім көрсетіп, инфляциялық тәуекелдерден қорғана алатынын паш етті.
Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.
Үнемі өзгеріп отыратын экономикалық орта жағдайында міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылып, ҚРҰБ басқаратын, соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің табыстылығы 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 13,35% құрады. Бұл кезеңдегі инфляция мөлшері – 10,70%. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен сол кезеңдегі зейнетақы активтерінің кірістілігі 9,03% көрсетті.
Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 мамырға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 968,60% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 875,10%.
Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
2024 жылы әртүрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне айтарлықтай әсерін тигізетін халықтың қартаюы мен бала туу көрсеткіші төмендеуінің жаһандық үрдісі жалғасын тапты. Әлем өзінің демографиялық ауысуында бетбұрыс кезеңін бастан өткеруде. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда да атап өтілді: "Адамзат тарихында алғаш рет 65 жастан асқан адамдардың саны бес және одан кіші жастағы балаларға қарағанда көбірек".
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20,3 млн асты, оның ішінде 25 жасқа дейін – 8,7 млн адам (42,8%), 25-тен 65 жасқа дейінгі жастағы адам саны – 9,7 млн адам (48,0%), 65 жастан асқандар саны – 1,9 млн адам (9,2%)[1].
Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезінде төмендегеннен кейінгі 2021 жылғы 70,23-тен 2024 жылы 75,44 жасқа дейін өсті.
2013-2024 жылдар аралығындағы орташа өмір сүру ұзақтығының өзгеру динамикасы мынадай:
|
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
Бүкіл халық |
70,62 |
71,44 |
71,97 |
72,41 |
72,95 |
73,15 |
73,18 |
71,37 |
70,23 |
74,44 |
75,09 |
75,44 |
Ерлер |
65,91 |
66,90 |
67,49 |
67,99 |
68,72 |
68,84 |
68,82 |
67,09 |
66,33 |
70,26 |
70,99 |
71,33 |
Әйелдер |
75,23 |
75,82 |
76,26 |
76,61 |
76,92 |
77,19 |
77,30 |
75,53 |
74,03 |
78,41 |
79,06 |
79,42 |
БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары 2050 жылға қарай өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді (халықтың жалпы санындағы 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2009 жылғы 9,7%-дан 2024 жылы 13,9%-ға дейін өсті және 2050 жылға қарай 19%-ға дейін өседі деп болжануда. Яғни, 2050 жылға қарай орта есеппен әрбір бесінші қазақстандық 60 жастан асқан болады).
Жалпы халық санындағы 60 жастан асқан адамдардың
алатын үлесі туралы нақты дерек пен болжам
Нақты дерек |
БҰҰ болжамы |
БЖЗҚ болжамы |
Халық құрылымына туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) айтарлықтай әсер етеді, бұл бір әйелдің репродуктивті кезеңде орташа есеппен қанша рет босанатынын көрсетеді (яғни шамамен 15-50 жас).
Бұл көрсеткіш 2021 жылғы 3,32-ден 2024 жылы 2,80-ге дейін төмендеді. БҰҰ болжамдарына сәйкес, Қазақстандағы туу коэффициентінің 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендеуі күтілуде.
Жыл |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
ТЖК |
2,77 |
2,73 |
2,84 |
2,90 |
3,13 |
3,32 |
3,05 |
2,96 |
2,80 |
Бала туудың төмендеуі бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс болып табылады. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеп, өмір сүру ұзақтығының артуы жағдайында еңбек нарығына адамдар аз араласа бастайды, зейнеткерлер мен еңбекке қабілетті халық арасындағы теңгерімсіздік одан әрі өсуде.
UNFPA-ның (БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қоры) Қазақстандағы өкілдігі Қазақстан Республикасының халқын қоныстандыру саласындағы жағдайды талдау[2] есебінде біртіндеп 2050 жылға қарай 1000 адамға шаққанда 0 көші-қон сальдосына қол жеткізілетінін болжайды, бұл "республиканың жұмыс күшіне деген жоғары сұранысынан, елеулі этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуынан, Қазақстанның оңтүстігіндегі елдердегі халықтың жылдам өсуінен көрінетін экономикалық дамуымен түсіндіріледі".
Төменде 2016-2024жж. иммигранттар мен эмигранттар саны көрсетілген:
Жыл |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
Келгендер |
13 755 |
15 595 |
12 747 |
12 255 |
11 370 |
11 039 |
17 425 |
25 387 |
29 282 |
Кеткендер |
34 900 |
37 725 |
41 868 |
45 225 |
29 088 |
32 256 |
24 147 |
16 094 |
12 732 |
Көріп отырғанымыздай, пандемиядан кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны соңғы үш жылда 2,7 есеге өсті, ал 2020 жылдан бері кеткендердің саны 2,3 есеге азайды.
65 жастан асқан адамдардың санына бөлінген еңбекке қабілетті жастағы (25 жастан 64 жасқа дейін) адамдардың саны ретінде есептелетін әлеуетті қолдау коэффициенті одан әрі төмендеуде.
Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25-64 жас) зейнеткерлерге (65+ жас) арақатынасы 2012 жылғы 7,7-ден 2024 жылы 5,2-ге дейін төмендеді. БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдарына сәйкес, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициенті 2050 жылға қарай 3,4-ке дейін төмендейді, бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін "жүктемені" арттырады.
Әлеуетті қолдау коэффициентінің нақты дерегі мен болжамы
БҰҰ болжамы |
БЖЗҚ болжамы |
Қолдау коэф., нақты дерек |
Естеріңізге сала кетейік, ТМД елдерінен Қазақстанның зейнетақы жүйесі ғана ұсынылған 2024 жылдың қорытындысы бойынша Mercer CFA институтының Жаһандық зейнетақы индексінде демографиялық үрдістер – туу көрсеткішінің төмендеуі мен өмір сүру ұзақтығының өсуін ескере отырып, зейнетақы жүйелерін одан әрі жаңғырту қажеттілігі атап көрсетілген.
Бұл жағдайда Қазақстанда қолданылып жүрген зейнетақы жүйесіне ұқсас, мемлекеттік және жинақтаушы құрамдауыштарды қамтитын көпдеңгейлі (аралас) жүйе неғұрлым тиімді. Мұндай үлгі лайықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін тиімді шешіп, дамудың демографиялық және экономикалық үрдістеріне неғұрлым төзімді болып келеді.
Алайда, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақы біртіндеп қысқарып келе жатқанын ескерген жөн. Өйткені ол 1998 жылға дейінгі еңбек өтілін ескере отырып есептеледі. Ал 10% міндетті зейнетақы жарналары лайықты зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан жинақтаушы құрамдауышты күшейту бойынша шаралар қабылдануда, олардың бірі – 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған жұмысшылардың пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен енгізу. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру бойынша жауапкершілік әлемдік тәжірибеде қалыптасқандай мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасында бөлінген.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша
[2] https://kazakhstan.unfpa.org/sites/default/files/pub-pdf/ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ.pdf
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 мамырдағы инвестициялық портфельдері "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 065,95 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 630,73 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 372,84 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,38 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. 2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,14%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,49%, МҚҰ - 1,37%. 2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – 40,37%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 590,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 4,32 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы мамырдан бастап 2025 жылғы сәуірді қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,63 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 13,35%, инфляция мөлшері - 10,70%. 2025 жылғы 1 мамырдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 77,98%, РЕПО операциялары – 15,94%, ҚРҰБ депозиттері – 6,08%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 9,03% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,38 млрд теңгеден асады. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,70 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,55%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 18,88%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, РЕПО – 10,35%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,91%, МҚҰ - 6,22%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,75%. Атап кетейік, портфельдің 67,00% теңгемен, 31,58% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,42% болды. "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.05.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,46 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 22,90%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,26%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,45%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 10,94%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,96%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,50%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,61%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 2,54%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,72%, АҚШ долларымен 30,28% тең. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,74% болды. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.05.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,17 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 26,20%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 19,17%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,01%, РЕПО – 9,19%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,45%. Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,77%, АҚШ долларымен 24,23%. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,45% болды. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.05.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,31 млрд теңге. ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 21,17% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 19,94%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 18,34%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,23%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,58%, РЕПО – 5,54%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,31%. Ұлттық валютада портфельдің 69,82%, АҚШ долларында – 30,18% инвестицияланды. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,66% болды. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,74 млрд теңге болды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 14,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 10,04%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 7,30%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,48%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,77%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,20%, АҚШ долларында – 39,80% инвестицияланды. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,49% болды. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). |
зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 23,10 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,11 трлн теңгеге немесе 21,7%-ға артты.
2025 жылдың 1 мамырына міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,05 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 20,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 661,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,5%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (39,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі 8,38 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 мамырына 374,30 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2025 жылдың 4 айы ішінде салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналарының мөлшері – 1,03 трлн теңге (өткен жылмен салыстырғандағы өсім 20,8% немесе 177,82 млрд теңге).
Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 мамырына 852,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 12,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 46,47 млрд теңге (өсім - 20%), ЕЗЖ – 1,05 млн теңге (өсім – 7,3%) түсті. 2025 жылдың 4 айында ЖМЗЖ 133,86 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың 4 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 525,25 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 2 есе дерлік немесе 239,79 млрд теңгеге көп.
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 307,34 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 23,75% ұлғайып, 01.05.2025ж. 80,53 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 686 теңге.
Жыл басынан бастап 01.05.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 23,10 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 12,21 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,08 млрд теңге, жерлеуге – 3,60 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 97,39 млрд теңге аударылды.
ЖЗШ саны
2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,52 млн. бірлік (жыл бойғы өсім – 1,51 млн бірлік немесе 9,4%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 мамырына 12,55 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн - МЗЖ бойынша, 733,06 мыңы - МКЗЖ бойынша, 448,61 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.
Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,97 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшыларын қолдау мен ақпараттандыруға бағытталған қызметтердің кең ауқымын ұсынуды белсенді түрде жалғастыруда. 01.01.2025ж. мен 01.05.2025ж. аралығында халыққа шамамен 19,4 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санының 9,1 млн-нан астамы электрондық форматта, 9,6 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз шамамен 343,0 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 334,9 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.
Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.
Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 718,1 мыңға жетті.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 10,1 млн үзінді көшірме берілді. Оның 8,3 млн астамы – электрондық, ал 1,4 млн астамы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы.
Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.
2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында деректемелерді өзгертуге 50,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 46,8 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде ұсынылды.
БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 15,8 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 332,5 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 15,3 мыңнан астам материал жарияланды.
Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 205,4 мың.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
Лауазым |
Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты |
Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты, 1 бірлік, №04-1-2) |
Мырзағали Нариман Алматұлы |
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі №31 Тел. 79-5-20/3616/ 09.06.2025 жыл сағат 17.00 |
Сырдария ауданы әкімдігі «Тереңөзек кентіне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды. Осыған байланысты Сіздерді аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жоба сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2553416&type=4
Құру күні: 03/06/2025 жыл
Қоғамдық талқылау мерзімі: 19/06/2025 жыл