«СЫРДАРИЯ – ҚАУІПСІЗ АУДАН, БОЛАШАҚ ҰРПАҚ МЕКЕНІ» жобасы аясында "Қауіпсіз аула" түнгі рейді өткізілді!!!

«СЫРДАРИЯ – ҚАУІПСІЗ АУДАН, БОЛАШАҚ ҰРПАҚ МЕКЕНІ» жобасы аясында "Қауіпсіз аула" түнгі рейді өткізілді!!!
Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі рейд жүргізілді.
Рейд барысында: аулалар мен қоғамдық орындар тексерілді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру фактілері анықталған жоқ.
Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен ауыл әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
Құрметті тұрғындар!
Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Өз ауламыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамайық! Күдікті жағдайларды байқасаңыз, дереу учаскелік полиция инспекторына Қ.Сейсенбаевқа +7 776 478 1990 нөміріне хабарласыңыз.