А.Тоқмағанбетов ауылында жаңа балалар ойын алаңы ашылды!

А.Тоқмағанбетов ауылында жаңа балалар ойын алаңы ашылды!

А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде жергілікті бюджет есебінен салынған заманауи балалар ойын алаңы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.
Жобаны ауылдық округ әкімі аппараты қолға алып, ауыл балаларының бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне жағдай жасау мақсатында жүзеге асырды.
Ойын алаңы түрлі әткеншек, сырғанақ және қауіпсіз жабдықтармен толық жабдықталған.
Енді ауыл балалары үшін көңілді әрі қауіпсіз орта пайда болды.
Бұл – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған игі істердің бірі ғана.