Мерейлі отбасы - 2025!

Мерейлі отбасы - 2025!

Мерейлі отбасы ұлттық байқауы 2025 аудандық байқауында Асқар Тоқмағанбетов ауылынан Жасағанбергеновтер отбасы қатысып, «ЖОМАРТ ОТБАСЫ» номинациясымен марапатталып, аудан әкімі Б.Сәрменбаев бағалы сыйлықтар табыс етті. Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, отбасыңызға шаттық пен береке, өзара түсіністік пен махаббат тілейміз! Үлгілі де ынтымақты, бірлігі жарасқан отбасы болып, ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіздер. Отбасы – әр адамның алтын бесігі, ал сіздердің шаңырақтарыңыз – нағыз үлгі тұтарлық отбасы!
Бақыт пен табыс әрдайым серіктеріңіз болсын. Жылылық пен мейірімге толы үйде күлкі мен қуаныш ешқашан сөнбесін!