
2025 жылдың 4 қараша күні арнайы құрылған жұмысшы топпен аудан орталығында орналасқан бір қатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық сақтау және ғимараттарының қасбетін ретке келтіру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жұмысшы топ Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 112 «Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша шаралар қарастырылғандығы туралы кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірді. Тиісті талаптар сақталмағанда айыппұлдар салынатыны ескертілді.
Құрметті аудан кәсіпкерлері, баршаңызға көркейту-көгалдандыру, тазалық шараларына белсенді атсалысуға және сақтауға шақырамыз!