Мемлекеттің жарқын болашағы жастарды сапалы біліммен қамтамасыз етумен тікелей байланысты

Мемлекеттің жарқын болашағы жастарды сапалы біліммен қамтамасыз етумен тікелей байланысты

Ауданда апатты жағдайда және 3 ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 309 млн теңгеге С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілсе, 240 млн теңгеге 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығындағы №36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейіне «Қазақстан Ұлттық қорынан» 250 млн теңге бөлініп, модификациялық кабинеттер жасақталды.
2024-2025 оқу жылын 526 түлек мектеп бітіріп, олардың 461-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Мектеп бітірген түлектердің барлығы жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Ауданда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтылған.Білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар жас ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етуге және олардың жарқын болашағын қалыптастыруға бағытталған, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.