Бірінші сәуір күні Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және ел ағаларының қатысуымен Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа жобаның басталуымен құттықтап, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Рәсімде мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов сөз сөйлеп, батасын берді.