Пәндік олимпиада - 2023

Пәндік олимпиада - 2023

Пәндік олимпиада – балалардың санасында алғашқы ғылыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қалыптастыратын ең ауқымды бағдарламалық сайыс.
Осы мақсатта елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау мақсатында тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды.Осы орайда мектебімізде олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.Олимпиадаға 9-11 сыныптардан оқушы қатысқалы отыр.Іс-шараны мектеп директоры ашып беріп, ардагер ұстаз Каракаева Сәрсен апай мен ұйымдастырушы педагог Бисенбаев Қуанышбек ағай олимпиадаға қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілеп,олимпиададан жүлделі орын алуларына тілектерін білдірді.