Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау

Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау

Құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жүзеге асырылатын
іс-шара жоспарына сәйкес уытқұмарлық күйде автокөлік басқару — өзіңнің және өзгенің өмірін қауіпке тігу. Бұл – заң бұзушылық қана емес, адамгершілік жауапкершілікті де елемеу. Жүргізуші әрқашан сергек әрі есті болуы тиіс. Уытқұмар күйде көлік жүргізу – тек жеке адамның мәселесі емес, бұл – қоғамның ортақ мәселесі. Әрбір азамат жол қозғалысы ережесіне жауапкершілікпен қарап, өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндірмеуі тиіс. Бесарық ауылдық округінде адам көп жүретін жерлерге масаң, уытқұмарлық күйде автокөлік басқармау туралы жадынамалар орналастырылды.