
Ауыл шаруашылығы жануарларын еркін жіберіп бағу кезінде қоғамдық қауіпсіздікке, жол қозғалысына және жеке меншікке залал келуі мүмкін екендігін ескертеміз.
Осыған байланысты ауыл аумағында малды падамен немесе кезекпен бағуды ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
• Мал ұрлығының алдын алады;
• Қоғамдық тәртіпті сақтайды;
• Малдың жоғалуын болдырмайды;
• Жол-көлік оқиғаларының алдын алады.
Ауыл тұрғындарының ірі қара, түйе, жылқылардың автомобиль жолдарына шығуы салдарынан болатын жол көлік-оқиғаларының алдын алу үшін оларға түнгі мезгілде жарық шағылыстырғыш тағу, күндізгі уақытта жол бойында мал жаюға байланысты тұрғындар арасынан ерікті түрде бақташы бөлуді ұйымдастырылса және жеке меншіктегі төрт түлікті сырғалау, жаппай ен салу, таңбалау және ветеринарлық қадағалау жүргізіп отыру.
Аманкелді а/о әкімдігі