НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БҰЛ АЛАЯҚ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БҰЛ АЛАЯҚ!

Қазіргі дамыған заманда жасалатын қылмыстың жиі кездесетін түрі ‒ алаяқтық. Оның ішінде интернет алаяқтығы көптеп белең алуда. Аманкелді ауылы тұрғындары арасында алаяқтарға алдану фактілерін азайту, қылмыстық-құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында Аманкелді ауылдық учаскелік полиция инспекторы Қ.Сисенбаев ауыл тұрғындарына, мекеме қызметкерлеріне ескертпе қағаздарын таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аманкелді ауылы тұрғындары сіздерді аса мұқият болуға шақырамыз!
Аманкелді а/о әкімдігі