АМАНКЕЛДІ АУЫЛЫ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

АМАНКЕЛДІ АУЫЛЫ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Шаған ауылдық округінде "ҚҰРМЕТ" орденінің иегері Қожабек Кенжебекұлы Дәдікбаевты еске алуға арналған іс-шаралар аясында волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Спорттық додаға ауданға қарасты ауыл жастарынан құралған командалар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін танытты. Турнир қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен Аманкелді ауылының командасы жеңімпаз атанып, арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, жарыстың «Үздік ойыншысы» номинациясын Нұрланұлы Қамбар иеленді.
Аталған шара – елге еңбегі сіңген азаматты ұлықтау ғана емес, жастарды спортқа баулып, бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Осы орайда, Аманкелді ауылының жастарын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, ауыл намысын абыроймен қорғай берулеріңізге тілектеспіз.
Аманкелді а/әкімдігі