СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
 
Аманкелді ауылдық округінде санитарлық тазалықты сақтау және елді мекеннің көркін жақсарту мақсатында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында Қызылбай бауын қоршалау жұмыстары атқарылып, сондай-ақ елді мекен аумағында орналасқан мекемелердің аулаларында тазалық және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай шаралар ауылдың ажарын арттырып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.
Аманкелді а/о әкімдігі