МЕКЕМЕ АРУЛАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

МЕКЕМЕ АРУЛАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

Аманкелді ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен және Сырдария аудандық маслихат депутаты Каскиев Руслан Жанайдарұлының демеушілігімен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елді мекендегі мекеме қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әйелдер арасында бұқаралық спортты дамыту, ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және мерекелік көңіл күй қалыптастыру.
Жарысқа ауылға қарасты мекемелерден құралған қыз-келіншектер командалары қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен спортқа деген белсенділіктерін танытты.
Шарада барлық мекемелерден 8 команда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Емхана арулары командасы;
ІІ орын – Мектеп – лицей арулары командасы;
ІІІ орын – Әкімшілік арулары командасы иеленді.
Қатысушы жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, мерекеге орай жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Аманкелді а/о әкімдігі