Бүгін – қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін – қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Бүгін – қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы, сөз өнерінің биік шыңына айналған ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні.
Мұқағали поэзиясы – ұлттық рухтың, шынайы сезім мен терең философияның айқын көрінісі. Ақынның әрбір жыры халқымыздың жан дүниесін, өмірге, адамға, Отанға деген махаббатын асқақ үнмен жеткізеді.
Мұқағали Мақатаевтың әдеби мұрасы – ұлт руханиятының мәңгілік қазынасы. Оның өлеңдері мен поэмалары жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке, адалдық пен тазалыққа тәрбиелейді.
Ұлы ақынның рухы мәңгі жасай берсін, өнегелі шығармалары халқымен бірге жасай бермек.
Аманкелді а/о әкімдігі